Қазақстан ұлттық құрамасының әлемдік рейтингтегі жағдайы қайта есептелді. Уэльс және Бельгия құрамаларына қарсы өткен 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу ойындарындағы сәтсіздіктерден кейін Қазақстан FIFA рейтингінде төрт орынға төмендеп, 118-ші орынға тұрақтады.
Соңғы рет Әлиев баптаған команда енді Нигер және Индонезия құрамаларымен көршілес тұр. Соңғы айларда Қазақстан құрамасы үнемі төмен қарай сырғый беруде.
Әлемдік рейтингтің көшін Испания бастады. Екінші орында Франция, ал бұрынғы көшбасшы Аргентина үшінші орынға түсіп қалды.