Қазақстан құрамасы қорғаушысы “Астана” сапына қосылды

Әлібек Қасым елорда командасының жаттығу жиындарында ел назарына түсті.

Қазақстан құрамасы қорғаушысы “Астана” сапына қосылды

27 жастағы қорғаушы 1 қаңтардан бері клубсыз ретінде тіркелген болатын. Ол 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан “Ақтөбе” командасымен қоштасып, өз мансабында өзгеріс енгізуді құп көріп еді. Ендігі кезекте Әлібек “Астана” командасымен бірге 28 қаңтарға дейін Елордада жаттығу жұмыстарын жасайтын болды. 

Естеріңізге салсақ, 10 қаңтарда басталған алған “Астананның” алғашқы оқу-жаттығу жиындарында қорғаушылардан Санжар Ануаров, Бранимир Калаица, Карло Бартолец, Ян Вороговский, Алекса Аманович және Тимур Төкеновтер қатысып жатыр.

Айта кетейік, Қасым Қазақстан Кубогының 3 дүркін жеңімпазы өз мансабында “Ақтөбеден” бөлек, “Қайрат” және “Қызылжар” ұжымдарында өнер көрсетті. Қорғаушы ел құрамасында 2021 жылы дебют жасап содан осы уақытқа дейін 14 матч өткізіп, 1 голдың авторы атанды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×