Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына қатысу үшін Өзбекстанға ұшып келді

11.09.2024, 12:10

Әлемнің үздік құрамалары жиналатын турнир 14 қыркүйек күні өз бастауын алады.

Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына қатысу үшін Өзбекстанға ұшып келді

Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына Рикардо Какамен бірге 14 ойыншы келді. Ақтық тізімде жалпы 2 қақпашы мен 12 алаңдағы ойыншы бар.

Қазақстаннан аман-есен жеткен спортшыларымызды мундиальдың маскоты Хан күтіп алды. Осылайша ел құрамасы футзал мерейтойының тап ортасына тап болғанына көзі жетті.

Қазақстан Әлем чемпионатында Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен бақ сынасады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×