
Vesti.kz мәлімдемесіне сенсек, Әли Әлиевтің командасы қарашада Өзбекстан құрамасымен шеберлік байқаспақ.
Жолдастық ойын ӘЧ-2026 іріктеуіне дайындық ретінде қарастырылып отырған көрінеді. Әлем біріншілігінің іріктеуінің аясында қарашаның 15-не Бельгиямен ойын бар. Өзбекстанмен болатын бәсеке осы кездесуден кейін орын алатын үзілісте өтуі ықтимал. ҚФФ қазір осы жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқанға ұқсайды.
Қазақстан мен өзбекстандық футболшылар соңғы рет осыдан үш жыл бұрын жолыққан. Ол ойын да қарашада өткен – Ташкентте алаң иелері 2:0-мен басым түсті.
Айта кетейік, қазір Өзбекстан құрамасы ӘЧ-2026-ға шығуға бір табан жақын тұр – өзінің тобында 17 ұпаймен екінші орында келеді. Іріктеу соңына дейін Өзбекстан құрамасы әлі екі ойын өткізбек – БАЭ-мен (5-маусым) және Қатарға қарсы (10-маусым) кездесу. Азия аймағынан өз тобының алғашқы екі орын иегері Әлем чемпионатына тікелей жолдама еншілейді. Әзірге Иран мен Жапония мундиальға шығып қойды. Ендігі кезек Өзбекстанда.
Біздің серіктес: FONBET