Ұлттық құрама басшылығы бас бапкер қызметіне үш шетелдік маманмен келіссөз жүргізіп жатыр.
Спорт журналисі Аманбаевтың хабарлауынша, Ферапонтова, Чебурин жәнә Кумуковтың кандидатуралары қарастырылмаған:
“Бас бапкерлікке тек шетелдік мамандарды іздеп жатыр. Тіпті үш үміткерді тапқан. Қазір олармен сөйлесіп, пікірлерін тыңдап жатыр. Екеуі жақында ғана өз құрамаларын Еуропа чемпионатына шығарған бапкерлер. Ал үшінші үміткер – көршілес елден, ол “С жоспары“ ретінде қаралып отыр.” – деп жазды журналист.