Ресейлік Vedomosti.ru сайты 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі Қазақстан – Уэльс матчына болжам жасады.
Материалда атап өтілгендей, бастапқыда сарапшылар J тобының фавориттері ретінде Бельгия мен Уэльсті атап, Қазақстан құрамасына тек
Қазақстан құрамасы әзірге Лихтенштейнді жеңіп, Уэльс пен Солтүстік Македониядан ұтылды.
“Плей-офф кезеңіне таласта қалу үшін Қазақстандықтарға үйде Уэльсті міндетті түрде жеңу керек. Әйтпесе жоғарыға қараудың мәні жоқ. Дегенмен Али Алиевтің жігіттеріне бұл ауыр міндет болуы мүмкін. Бірақ кем дегенде бір гол соға алады және соған сенуі тиіс. Британиялықтар көп гол соғады, бірақ сол секілді гол да көп жібереді.” – деп жазды басылым.