Қазақстан құрамасында ойнауды армандайтын футболшы клубын ауыстырды

Бүгін, 13:39

Ресейдің бірінші лигасында өнер көрсетіп жүрген этникалық қазақ, қорғаушы Руслан Байтуков мансабындағы жаңа өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қазақстан құрамасында ойнауды армандайтын футболшы клубын ауыстырды

Футболшы Мәскеудің "Торпедо” сапынан кетіп, "Челябинск” клубына ауысқан.

Бұл шешімнің себебін ойыншы Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында түсіндіріп өтті.

Клубтан кету туралы шешім екі жақтың келісімімен қабылданған. Руслан үшін "Челябинск” — жат ұжым емес. Ол футболдағы алғашқы қадамдарын дәл осы қалада бастаған болатын.

Байтуковтың айтуынша, оған тарихи отанынан яғни Қазақстаннан әлі күнге дейін ешқандай ресми ұсыныс түспеген.

"Иә, "Торпедодан”, "Челябинскке” ауыстым. Бұл шешімге клубпен өзара келісе отырып келдік. Өкінішке қарай, Қазақстан тарапынан әлі шақырту жоқ. Негізінен, өзім футбол әліппесін үйренген туған клубыма қайта оралдым десем де болады.” — деді футболшы.

28 жасар Руслан Қазақстанның Рудный қаласында дүниеге келген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×