Бас бапкер Талғат Байсуфинов Сергей Малыйдың жарақат алғанын жеткізді.
35 жастағы орталық қорғаушы құрама қосынында жүріп жарақат алыпты. Осыған байланысты Сергей ел құрамасының Лихтенштейнге қарсы кездесуінен шет қалады. Оның орнына матчқа Дінмұхамед Кашкен шығып қалу ықтималдығы жоғары.
Бірақ қорғаушы Малый Солтүстік Македониямен 13 қазан болатын ойында алаңға шығады деп күтілуде. Оған дейін футболшы жарақатын емдетіп үлгереді екен.
Жалпы Сергей ел құрамасында 2014 жылдан бері барлығы 71 матч өткізіп үлгерген.