Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев «Адана Демирспор» шабуылшысы Абат Айымбетов туралы пікір білдірді.
“Оның өзін таныта алатын қасиеттері жетерлік. Айымбетов қажет голдарды сала алады, бірақ оның басты мәселесі – жарақат алып, маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарын ойдағыдай өткізе алмады. Ол соңғы кезеңде де көп уақытын бос өткізді. Мен оның өзімен де осы жөнінде сөйлестім, осал тұстарын айттым. Абат әрдайым өзінің табандылығымен алатын. Қазір ондай қасиетінен алыс, бірақ бұл жағдай оның физикалық жағдайына байланысты болып тұр. Қазір барлық оқу-жаттығу жиындарын ойдағыдай өткізсе, тағы да шеберлігімен көзге түседі деп ойлаймын. Ол Түркия чемпионатының деңгейіне сай. Соңғы кездегі физикалық жағдайына байланысты ғана Түркия біріншілігінің дәрежесіне сәйкес болмай отыр», - деді М.Адиев.
Айта кетейік, Абат Айымбетов ақпаннан бастап «Адана Демирспор» сапында өнер көрсетеді. Қазақстан құрамасы мен түркиялық клуб арасындағы келісім 2025 жылдың 30-тамызына дейін жарамды.
Біздің серіктес: FONBET