Қазақстан құрамасының бас бапкері Бахтиер Зайнутдинов жайлы: оның орнын басатын футболшылар бар

18.03.2025, 18:17

Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев Бахтиер Зайнутдиновтың жарақаты мен оны алмастыратын футболшы жайлы пікірімен бөлісті.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Бахтиер Зайнутдинов жайлы: оның орнын басатын футболшылар бар
Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасының сапында

Отандық маманның ойынша, «Бешикташ» жартылай қорғаушысының орнын жоқтатпайтын ойыншы табылады.

«Медицина қызметкерлеріне сенеміз. Олар Бақтиердің ойнай алмайтыны туралы шешім шығарды. Ал біз онымен сөйлескенімізде, бұлшықеттегі мәселелер жылдам қимылдауға кедергі болатынын айтқан... Сондықтан, ол біздің алдағы екі матчқа қатыспайтын шығар. Оның орнында кім ойнайды деген сұрақты кездесудің алдында шешеміз. Әрине, көшбасшыдан, негізгі ойыншыдан, оған қоса гол соғатын, футбол алаңын жақсы сезінетін футболшыдан айырылу оңай емес... Бірақ оның орнын басатын футболшылар бар. Біз оның алаңдағы қызметін атқаратын ойыншыны табамыз – ол бізді жерге қаратпайтынына және Зайнутдиновтың орнын басатынына сенімдімін. Біз Баханың тез жазылып, клубқа да, ұлттық құрамаға да пайдасын тигізуін тілейміз», - деді Ә. Әлиев.

Қазақстан құрамасы 2026-жылғы ӘЧ-2026 іріктеу турнирін 22-наурыздан 23-наурызға қараған түні Кардиффте Уэльс құрамасына қарсы сырт алаңда бастайды. Содан кейін, 25 наурыздан 26 наурызға қараған түні, Вадуцта Лихтенштейн құрамасымен кездеседі.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×