
Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев Кардиффте болатын кездесу алдында БАҚ-пен баспасөз-мәслихатын өткізіп, сауалдарға жауап берді. Соның бір үзіндісінен:
- Өзіңіздің алдыңызға қандай мақсат қойып отырсыз? Қандай нәтиже сіз үшін жетістік болар еді? Қазақстанның шыныменде Әлем біріншілігіне шыға алатын мүмкіндігі бар ма?
- Кез-келген еуропалық команданың мүмкіндігі бар. Ертең не боларын ешкім білмейді. Атағы жер жарған талай мықты құрамалардың финалдық кезеңдерден шет қалғанын көрдік. Менің міндетім - тегеурінді команданы жасақтау. Біздің әр кездесуіміз финалмен тең».
Айта кетейік, Қазақстан бүгін ӘЧ-2026 іріктеуінің аясындағы жорығын Уэльске қарсы ойынмен бастайды. Әли Ханәліұлының командасы наурыздың 25-де Лихтенштейнмен жолығады.
Біздің серіктес: FONBET