
Әли Әлиев Қазақстан құрамасының кешегі сәтсіздіктен кейінгі көңіл-күйі туралы айтты.
«Әр эпизодтан кейін өзіңнің позицияңа қайтып үлгеруің керек - ойыншыдан әрдайым қырағылық талап етіледі. Уэльспен болған ойынның жағымды сәттерін олардың мотивацияларын бір көтеріп қою үшін командаға көрсетеміз. Бүгін жеңіліс табасың, бірақ ертең тағы шығып, бақ сынай аласың. Бұл бүкіл ақшаңнан айырылып, оны қайтара алмай қалатын кәсіп емес. Футболшылардың моральдік әрі психологиялық жағдайын қалыпқа келтіру үшін келесі ойынды міндетті түрде ұту керек», - деді Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы.
Айта кетейік, кеше ұлттық команда ӘЧ-2026 іріктеу аясында Кардиффте Уэльспен кездесіп, 1:3-пен есе жіберді. Қазақстан сапындағы жалғыз голды капитан Асхат Тағыберген пенальтиден салған болатын. Енді Әли Ханәліұлының командасы 25-наурызда Лихтенштейн құрамасымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: FONBET