Қазақстан құрамасының бас бапкері тактикалық шешімдерін түсіндірді

07.09.2025, 11:00

Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Уэльспен өткен ойында неге ауысымдарды кеш жасағанын түсіндірді.

Қазақстан құрамасының бас бапкері тактикалық шешімдерін түсіндірді

Қазақстан – Уэльс матчынан кейін Әли Әлиев ойыншыларды алмастыруға қатысты шешімін түсіндірді. Одан неге Ғалымжан Кенжебекті ерте алмастырып, қалған үш ауысымды тым кеш жасағаны сұралды.

Бапкер құраманың қысымды күшейтіп, бірқатар қауіпті сәттерді ұйымдастырып жатқанын байқаған. Оның пікірінше, алаңға шыққан Ислам Чесноков ойынды серпілтіп, бірнеше шабуыл жасауға мүмкіндік берген.

"Менің ойымша, мүмкін сәл ертерек те жасауға болар еді. Бірақ біз қарқын қосып жатқанымызды, ойынымыз жүріп тұрғанын көрдім. Осындай шиеленісті сәтке жаңа ойыншы бірден бейімделуі өте қиын. Негізі біз дұрыс шешім қабылдадық, өйткені Валлийліктер 84–85-минуттардағы серпін берген ауысымдарды күтпеген еді. Үш голдық сәтіміз болды. Егер оларды 70-минутта шығарсақ, мүмкін мұндай мүмкіндіктер жасалмас та еді."деді Әлиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×