Қазақстан құрамасының бас бапкері Ұлттар Лигасына шақырту алған футболшылар жайында: ешкімді назардан тыс қалдырмауға тырыстық

03.10.2024, 10:53

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар Лигасындағы Аустриямен және Словениямен болатын кездесулерге дайындық барысы жайлы айтты.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Ұлттар Лигасына шақырту алған футболшылар жайында: ешкімді назардан тыс қалдырмауға тырыстық
Станислав Черчесов

Сонымен қатар, ұлттық команданың аталған ойындарына шақырту алған футболшыларына да тоқталды.

«Өткен жолы таңдау басқа ойыншыларға түскен, қазір енді біраз өзгерістер орын алып отыр. Бұл ойыншылар өздерін жақсы қырынан таныта алды, сондықтан олар басты командаға пайдалы болады деп шештік. Енді өзіміз қарап, бағалаймыз. Оның үстіне біздің бапкерлік құрам қазір жастар құрамасын бақылауда. Осыған дейін Темірлан Анарбековті шақырсақ, жақында ғана Кубоктің финалында өнер көрсеткен жас қорғаушы Жұмахановты шақырып отырмыз. Ешкімді назардан тыс қалдырмауға тырыстық. Аслан Дарабаев жарақатынан айықты. Физикалық тұрғыда осалдау көрінді. Ал соңғы ойындарда командасының негізгі құрамында шығып, үлкен үлесін қосуда. «Елімай» бекер премьер-лиганың көшін бастап тұрған жоқ. Сондықтан, Дарабаевтың тәжірибесі мен кәсіби қабілеттерінің бізге қаншалықты пайдасы тиюі мүмкін екенін білу үшін құрамаға шақырдық. Оның көмегі боларына сенеміз, ОЖЖ-дағы аяқ-алысына қарап, шешім қабылдаймыз», - деді құраманың бас бапкері.

Естеріңізге салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасындағы кезекті кездесуін Аустрияға қарсы өткізеді. Бұл бәсеке сырт алаңда 10-қазанда болады. Станислав Черчесов жаттықтыратын қазақстандық команда осыған дейін өз алаңында Норвегиямен (0:0) және сырт алаңда Словениямен шеберлік байқасты (3:0).     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 21
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×