Абат Айымбетов
Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясындағы Бельгиямен (15 қараша) өтетін матч және 18 қарашада Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесуге шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады.
Талғат Маруанұлы Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне 38 ойыншыны шақырыпты. Команданың оқу-жаттығу жиыны 3 қарашада Астанада басталады. Жаңа есімдердің ішінде «Қайсардың» жартылай қорғаушысы Ерсұлтан Қалдыбеков пен «Оқжетпес» қорғаушысы Әрсен Әшірбекті айтуға болады.