
Қазақстан Кубогінің 1/8 финалдық кезеңінде «Ұлытауға» қарсы ойында «Елімайдың» түлегі Асан Байғалиев өнер көрсетті.
Бұл 17-жасар футболшының семейлік клубтың негізгі командасындағы дебюттік ойыны. Жартылай қорғаушы маңызды матчтың 81-минутында қорғаушы Давид Майкомды алмастырған болатын.
Асан Байғалиев былтыр семейлік клубтың жастар командасының жейдесінде Екінші лига аясында өткен 21 ойынға қатысып, 3 рет мергендік танытып, 1 ассист берді.
«Елімай» - бала армандарға үлкен жол ашады!
Семей футболының тәрбиеленушісі Асан Байғалиев «Ұлытауға» қарсы дебюттік ойын өткізді», - делінген семейлік клубтың Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, «Елімай» Қазақстан Кубогінің ширек финалына берілетін жолдамаға таласта «Ұлытауды» ұтты. Жезқазғандық команданы тағы 3:0-мен жеңген Андрей Карповичтің командасы енді ширек финалда бақ сынамақ.
Біздің серіктес: FONBET