Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері командасына Айымбетовты алудан бас тартты

26.11.2025, 14:30

Магомед Адиев "Крылья Советов" шабуылын күшейту үшін Абат Аймбетовты қарастырмайтынын айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері командасына Айымбетовты алудан бас тартты

АЗИЯ-СПОРТ телеграм арнасының мәліметінше "Крылья Советов” бас бапкері Магомед Адиев Қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетовтің кандидатурасы клуб жоспарында жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ойыншыны жақсы танығанымен, қазіргі жағдайда клуб оны қарастырып жатқан жоқ.

"Абатты көптен бері білемін, арамыз жақсы, жылы қарым-қатынас бар. Бірақ қазіргі кезеңде ол біздің тізімде жоқ. Қазір жарақат алып жүр. Алдағы уақытта жағдай қалай өрбитінін айта алмаймын, бірақ әзірге Абатпен ешқандай келіссөз жүргізілген жоқ." – деді Адиев.

Сонымен қатар, бапкер Өзбектандық шабуылшысы Игорь Сергеевпен келісімге келу мүмкін болмағанын да атап өтті. Оның сөзінше, клуб Азия бағытындағы нарықты мұқият бақылап отыр.

Магомед Адиев Азия футболына қызығушылығын жасырып қалмай, алдағы әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасына жанкүйер болатынын да атап өтті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×