Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Уэльсті ұтуға болады дейді. Қарымта ойында есе қайтарамыз ба?

24.03.2025, 18:50

Қазақстанның бұрынғы бапкері Магомед Адиев Уэльспен өтетін қарымта ойын туралы пікірін айтты. Бұл пікірін ресейлік маман «Спорт день за днем» сайтына берген сұқбатында айтқан. 

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Уэльсті ұтуға болады дейді. Қарымта ойында есе қайтарамыз ба?
Уэльс - Қазақстан кездесуі

«Қазақстан құрамасының бір-екі ойынын әлі қарап көру керек. Сол кезде ғана барып толық түсінікті болады. Десек те, оңай болмайтыны анық. Кеше өткен матч Қазақстанның ұпай алуға қауқарлы екенін аңғартқан еді. Өз алаңында Уэльспен болатын ойында ұпай алатын әлеуеті бар», - деді М. Адиев. 

Қазақстан ертең түнде Лихтенштейн құрамасымен шеберлік байқасады. Содан кейін ӘЧ-2026 іріктеу аясындағы кездесулерін тек жазда жалғастырмақ. 

Еске салсақ, Магомед Адиев Қазақстан құрамасымен Ұлттар лигасының В Лигасына жолдама алып, Еуро-2024 іріктеуінде табысты өнер көрсетті. Қазір ресейлік маман жұмыссыз. Біраз БАҚ М. Мұсаұлын ҚПЛ клубтарының бірін тізгіндейді деген ақпарат таратқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×