Қазақстан құрамасының дебютанты Аустриядан қорықпайтынын айтты

13.11.2024, 12:14

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Жан-Әли Пайруз Аустриямен болатын бәсеке алдында ойымен бөлісті. 

Қазақстан құрамасының дебютанты Аустриядан қорықпайтынын айтты
Жан-Әли Пайруз

«Құрамаға қосылғаныма қатты қуаныштымын. Дебют жасағаныма да қуанып тұрмын. Бала кезден бергі арманым еді, қазір бұл ең жоғары мақсатым, Құдайға шүкір, орындалды. Көңіл-күйіміз жақсы, дайындық лайықты дәрежеде өтуде. Алда өте маңызды екі ойын бар. Жақсы нәтиже көрсету үшін барлық мүмкіндіктерді жүзеге асырамыз деп үміттенемін. 

Аустрия құрамасы Еуропадағы үздіктердің бірі. Олар Еурода жақсы өнер көрсетті. Десе де, біз туымызды көкке көтеруге барымызды саламыз», - деді «Елімайдың» жартылай қорғаушысы. 

Ертең Қазақстан Ұлттар Лигасының топтық кезеңінің аясында Аустрияны қабылдайды. Ал үш күннен кейін Норвегияға қарсы тұрмақ. Станислав Черчесовтың командасы бір ұпаймен топтағы соңғы орынға жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×