Қазақстандық футболшы 22 жасар Вадим Яковлев шетелдік клубқа ауысқаны туралы баяндады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Енді талантты ойыншы мансабын Беларусь чемпионатында жалғастыратын болады.
"Мен мансабымды Беларусьтегі "Нафтан” клубында жалғастырамын. Аталған ұжыммен бір маусымға келісімшарт жасастым. Негізі Қазақстандық клубтардан ұсыныс күткен едім, бірақ сәтсіз болды. Кейін Беларусьтен нұсқа түсті. Мұнда 6 ақпан күні ұшып келдім." — деді Яковлев Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.