Қазақстан құрамасының Фарер аралдарына қарсы матчындағы үздік және ең төмен бағаланған ойыншылар анықталды

Бүгін, 10:02

Flashscore порталы Қазақстан құрамасының Фарер аралдарына қарсы Ұлттар лигасының алғашқы турындағы ойыншыларына баға берді, деп  хабарлайды Aladop.kz.

Қазақстан құрамасының Фарер аралдарына қарсы матчындағы үздік және ең төмен бағаланған ойыншылар анықталды

Қазақстан құрамасы жаңа бас бапкер Джон ван ’т Схиптің жетекшілігімен алғашқы ресми матчын өткізіп, Фарер аралдарымен сырт алаңда 1:1 есебімен тең түсті.

Кездесудің үздік ойыншысы ретінде Қазақстан құрамасының қорғаушысы Темірлан Ерланов танылды. Flashscore оған 8,6 балл қойды. Ерланов матч барысында командасының жалғыз голын соғып, нәтижеге тікелей үлес қосты. 

Қазақстан құрамасы сапында жоғары бағаланған ойыншылардың қатарында Нұралы Әліп пен Дінмұхамед Қараман да бар. Әліптің ойынына 8,3, ал Қараманға 8,1 балл берілді.   

Ал ұлттық құраманың ең төмен баға алған футболшысы ретінде Артур Шушеначев аталды. Оның көрсеткіші 5,7 балл болды. 

Қазақстандықтар кездесуде алғашқы болып гол жіберіп алғанымен, бірінші тайм аяқталмай жатып есепті теңестірді. Екінші кезеңде екі команда да жеңіс голын соға алмады. Нәтижесінде Қазақстан алғашқы турдан кейін қоржынына бір ұпай жазды.

Енді Джон ван ’т Схип шәкірттерін әлдеқайда күрделі сынақ күтіп тұр. Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 29 қыркүйектен 30 қыркүйекке қараған түні Словакияға қарсы Кошицеде өткізеді. 

Ал Фарер аралдары Ұлттар лигасының екінші турында Молдова құрамасымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×