Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингісіндегі орны анықталды

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
19.09.2024, 14:57

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) әлемдік құрамалардың жаңарған тізімін жария етті.

Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингісіндегі орны анықталды
Словения - Қазақстан кездесуі

Біздің құрама команда өзінің бұрынғы орнын (109) сақтап қалды. Естеріңізде болса, Станислав Черчесов жаттықтыратын қазақстандық футболшылар қыркүйекте Норвегиямен (0:0) және сырт алаңда Словения құрамасымен шеберлік байқасты (3:0). Бұл Ұлттар Лигасының аясындағы кездесулер болатын. Турнирдегі қарсыластарымыздың жаңарған рейтингтегі орындарына келер болсақ: Норвегия үш саты жоғарылап 47-орынға көтерілсе, Словения да бір саты көтеріліп 51-орынға жайғасқан. Ал халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған тізімінде Аргентина ұлттық құрамасы көш бастап тұр. Екінші орында Франция, ал үздік үштікті Испания түйіндеген.

Айта кетейік, біздің команда Ұлттар Лигасындағы келесі бәсекесін сырт алаңда Аустрияға қарсы өткізеді. Бұл ойын 10-қазанға жоспарланған. Қазақстан құрамасы екі турдан кейін әзірше өз тобында соңғы орында тұр. Команда қоржынында жалғыз ұпай. Бірінші сатыда Словения құрамасы, екінші орынға норвегиялық футболшылар жайғасқан.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×