Қазақстан құрамасының іріктеу кезеңіндегі нәтижесі қандай?

11.10.2025, 18:00

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы өз тарихындағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстан құрамасының іріктеу кезеңіндегі нәтижесі қандай?

Астанада Талғат Байсуфинов жаттықтыратын команда Лихтенштейнді 4:0 есебімен ойсырата жеңді.

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының алдыңғы ойындары әр түрлі нәтиже берді. Cырт алаңда Бельгиядан 0:6 есебімен жеңілді, Уэльске қарсы үйде 0:1, сырт алаңда 1:3 есебімен берілді, Солтүстік Македонияға үйде 0:1 есебімен жеңіліп, Лихтенштейнді сырт алаңда 2:0 есебімен жеңген.

Осылайша, алты ойынды өткізіп, Қазақстан құрамасы 6 ұпай жинап, “J”тобында төртінші орынға жайғасты. Топ көшбасшысы – Солтүстік Македония, 6 ойында 12 ұпайға ие. Екінші орында Бельгия – 5 ойында 11 ұпай жинаған.

Келесі ойынды Қазақстан құрамасы 13 қазанда Солтүстік Македонияға қарсы сырт алаңда өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×