Қазақстан құрамасының қандай жақсы команда екенін олар да біледі

11.06.2024, 10:32

Бүгін Ұлттық құрама Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді. Матч қарсаңында құраманың жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан «Аладоп.кз» тілшісінің сұрағына жауап берді.    

Қазақстан құрамасының қандай жақсы команда екенін олар да біледі
Бауыржан Исламхан

«Ең алдымен бапкерлік құрамға рахметімді айтқым келеді. Қаншама уақыт ойнамадым. Екі жыл травма болды. Қуаныштымын өте оралғаныма. Енді Әзербайжанға келетін болсақ, ана жолы біз ойнадық бұл командамен. Өте жақсы команда. Бізді ертең өте қиын ойын күтіп тұр шындыққа келгенде. Өзіміздің қандай жағдайда екенімізді білеміз. Барлық жігіттер бүкіл күштерін салып ойнайды деген үміттемін. Әзербайжанды жақсы қарсылас деп жатырсыздар ғой. Бізде де өткен жолы жақсы ойындар болды. Қазақстан құрамасының қандай жақсы команда екенін олар да біледі. Қысқасы, ертең жақсы ойын күтіп тұр бізді», - деді Қазақстан құрамасы мен «Ордабасының» жартылай қорғаушысы.

Айта кетейік, бүгін Венгрияның Сомбатхей қаласында Әзербайжан – Қазақстан жолдастық кездесуі өтеді. Бұл команданың осы айдағы екінші ойыны. Жұмада Руслан Балтиев бастаған Қазақстан Ереванда Арменияға қарсы тұрған. Кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Қонақтар сапында жалғыз допты пенальтиден Бауыржан Исламхан салған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×