Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне еңген “Камаз” ойыншысы жарақат алып қалды

25 жастағы қорғаушы Талғат Құсяпов Ресейдің төменгі лигасының “Нефтехимикке” қарсы 8-тур кездесуінде ауыр жарақат алды (0:0).

Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне еңген “Камаз” ойыншысы жарақат алып қалды

Ойынды бастапқы құрамда бастаған Талғат алғашында тәртіп бұзып матчтың 25 минутында сары қағазбен жазаланды. Одан кейін Құсяпов бірінші тайм аяқталар тұста аяғын ауыртып, алаңнан зембілмен кетуге мәжбүр болды. Оның орнын қорғаушы Дмитрий Тананеев басты.

Құрама бапкері Станислав Черчесов Талғатты Ұлттар Лигасы матчтарының дайындығына шақыртқан болатын. Алайда осы бір жағдайдан кейін оның Алматыға келуі екіталай.

Еске салайық, Қазақстан 6 қыркүйек күні Алматыда Норвегия құрамасымен бақ сынасады. Аталған матчтан үш күн өткеннен кейін ел құрамасы Словенияда қонақта болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×