
Данияр Орда
Бізге келіп жеткен ақпаратқа сәйкес, қорғаушы Данияр Орда «Атыраудан» «Таразға» ауыспақшы.
22-жастағы футболшы сондай-ақ, «Хан-Тенгри» командасының намысын қорғаған.
«Қайрат» академиясының түлегі Қазақстан U-17 командасының жейдесінде үш ойында алаңға шығып, өнер көрсетті.
Данияр Орданың трансферлік құны 25 мың еуро.
Айта кетейік, жуырда «Тараз» клубына қатысты салынған шектеулердің барлығы алынып тасталды. Енді жамбыл облысының басты командасы футболшыларды ресми түрде тіркеп, трансферлерді іске асыра алады.
Біздің серіктес: FONBET