Қазақстан құрамасының негізгі ойыншылары келесі матчты жіберіп алу қаупі жоғары

Бүгінгі ойында ел құрамасының бірқатар футболшысына сақ болуы керек.

Қазақстан құрамасының негізгі ойыншылары келесі матчты жіберіп алу қаупі жоғары

Бельгиямен болатын бүгінгі іріктеуде Максим Самородов, Рамазан Оразов және Ислам Чесноков тәртіп бұзбай барынша ұқыпты ойнауы тиіс. Аталған футболшылар кезекті сары қағазын алатын болса, автоматты түрде құраманың келесі кездесуінен шет қалады.

Мәселен, “Астана Аренада” болған Уэльске қарсы ойында 2 сары қағазын алған Сергей Малый бүгінде ойынды алаңнан тыс жерде бақылайды. 

Айта кетейік, бүгінгі кездесуде Раду Петреску бастаған румыниялық төрешілер бригадасы қызмет жасайтын болады. Оған Раду Гингуляк, Мирча Григориу, Андрей Кивулете, Кэтэлин Попа, Марчел Бирсан көмектесетін болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×