Қазақстан құрамасының ойыншысы Әли Әлиевтің жұмысын сынға алды

06.09.2025, 20:15

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев Уэльске қарсы өткен матч туралы пікірін білдірді.

Қазақстан құрамасының ойыншысы Әли Әлиевтің жұмысын сынға алды

"Әдеттегідей, маған ұнамағаны біз өз алаңымызда тағы да екінші нөмірмен ойнадық та, ақыры жеңіліп қалдық. Жарайды, егер қарсылас Еуропаның үздік құрамасы болса бір жөн, бірақ Уэльс орта деңгейдегі команда. Соған қарамастан біз қорғанысқа жабысып, тым сақ ойнадық. Менің ойымша, бұл нәтиже бермеді. Әсіресе өз алаңымызда алға қарай белсенді ойын көрсетуіміз қажет.

Құрамада ең жақсы ойнаған Ғалымжан Кенжебек болды. Ол ойынды жандандырып, шабуылда белсенді қимылдап, қауіпті сәттер жасады. Сондай-ақ қақпашымыз Темірлан Анарбековты да айту керек ол бірнеше қиын жағдайда команданы құтқарып қалды. Шынын айтсам, қалғандары орташа деңгейде ойнады."

Ал бас бапкер Әли Әлиев жайлы Бекбаев сын айтты:

"Шынымды айтсам, жақсы жаққа өзгеріс көріп тұрған жоқпын. Өкінішке қарай, әзірге прогресс те байқалмайды. Команда бұрынғыдай сақ ойнайды, алдыңғы матчтардан аса айырмашылық жоқ."

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×