"Акрон" клубының шабуылшысы Артем Дзюба "Зениттің" негізгі құрамындағы легионерлер мәселесін талқылап, онда Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің рөлін атап өтті.
Bookmaker-ratings.ru сайтына берген сұхбатында Дзюба "Зениттегі” Ресейлік ойыншылардың жағдайына көңіл бөлді:
"Менің "Зенит – бұл Рио-де-Жанейро клубы” деген пікірім өзгерді ме? Бұл — арандатушы сұрақ. Біз екі Ресейлікпен ойнап жүрміз. Құрамда Қазақстандық Әліп бар… Жалпы алғанда, Мостовой немесе Глушенков орташа ойын өткізсе, бірден қосалқы құрамға түседі. Ал Жерсон жаңа ғана сауығып шықты — бірден Мостовой орындыққа кетеді. Мостовойдың сұхбатқа қалай келетінін көріп жүрміз қуаныш жоқ, көңіл күйі төмен. Бәрі түсінікті, ең оңайы — өз жігіттеріңді кінәлау.” – деді ол.
Айта кету керек, Ресей Премьер лигасында Қазақстандық футболшылар легионер болып саналмайды.