Қазақстан құрамасының шабуылшысы: мансабын енді бастаған жастарға ақшаны ойлаудың қажеті жоқ

18.10.2024, 12:22

Беларусь чемпионатында «БАТЭ» сапында өнер көрсететін қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев жергілікті біріншілік жайлы пікірін айтқан болатын.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы: мансабын енді бастаған жастарға ақшаны ойлаудың қажеті жоқ
Оралхан Өміртаев "БАТЭ" сапында

Қазақстан құрамасының футболшысы Беларусь чемпионатының жастарға мол мүмкіндік беретінін тілге тиек етіп, мұның бірнеше мысалын келтірді.

«Беларусь біріншілігіне көптеген легионерлердің өздерінің жақсы қырларын көрсетіп, мықты чемпионатқа ауысу үшін келетінін сеніммен айта аламын. Мұнда қазақстандық жастар доп теуіп жүр және оларға қорықпай, өздерінің бағын түрлі деңгейде сынап көріңдер деп айтқым келеді. Мұндағы біріншіліктің жалақысы аз және мансабын енді бастаған жастарға ақшаны ойлаудың қажеті жоқ. Бұл жерден әлдеқайда мықты чемпионатқа, үлкен футболға барудың мүмкіндігі боларын ескеру керек. Жуырда Өзбекстандық жас қорғаушы Хусановтың «Лансқа» ауысуы осының дәлелі», - деген еді О. Өміртаев.

Айта кетейік, Оралхан биыл ақпанда «Слуцк» командасымен келісімшартқа отырып, бірінші айналымды сол жерде өткізді. Шілдеден бастап отандасымыз «БАТЭНІҢ» намысын қорғауда. Содан бері қазақстандық шабуылшы борисовтік клуб сапындағы 21 кездесуде 8 рет мергендік танытты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 16
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×