Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Ордабасымен» келісімге келді

30.06.2025, 13:11

Абылайхан Жұмабек «Ордабасы» жейдесін киюі мүмкін.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Ордабасымен» келісімге келді
Абылайхан Жұмабек

Бұл туралы «BorodAbata.kz» сайты мәлімдеді. 

Шабуылшы маусымды түркістандық «Тұран» сапында өткізуде. Абылайханды клубқа шақырған Беларусь бапкері Виталий Жуковскийдің өзі де жақында «Атырауға» қайтып барды. 

«23 жастағы футболшы биылғы маусымды «Тұран» сапында бастап, 12 матчта бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Жұмабек «Тұраннан» бөлек, өзінің туған командасы «Таразда», «Ақтөбе» және «Жетісуда» өнер көрсеткен. 2022-жылы Абылайхан Магомед Адиев жетекшілігімен Қазақстан құрамасында ойнап, Беларусь (2:1) және Әзірбайжанға (0:3) қарсы матчтарда алаңға шықты», - делінген «BorodAbata.kz» сайтында. 

«Тұран» ҚПЛ-дің 14 турынан кейін 11 ұпай жинап, он үшінші сатыға жайғасқан. Ал «Ордабасы» 19 ұпаймен жетінші тұр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×