Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы «Астанаға» ауысады

18.11.2025, 23:44

Бізге келіп жеткен инсайдтық ақпаратқа сәйкес, Дінмұхамед Қараман «Астана» сапына ауыспақ.

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы «Астанаға» ауысады
Дінмұхамед Қараман Қазақстан сапында

25 жастағы жартылай қорғаушы өткен маусымды «Жеңіс» жейдесінде өткізген. Елордалықтар қатарында ҚПЛ-де 25 матчта 4 гол мен 4 ассисттің авторы атанды. Сондай-ақ, Қазақстан Кубогі жолындағы 4 ойында бір рет мергендік танытқан болатын. Дінмұхамед Қараманның Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 4 ойынға қатысып, бір гол салғанын да қоса кету керек (Солтүстік Македония қақпасына). Жартылай қорғаушыны биылғы премьер-лиганың жаңалықтарының бірі деуге болады. Дінмұхамед “Жеңіс” жейдесіндегі сенімді ойынының арқасында ұлттық команданың күздегі матчтарына шақырту алып, онда да шеберлігімен есте қалды. “Астанадан” басқа тағы бірқатар ұжымдар қызығушылық танытқан ұқсайды. Біздің дереккөздің ақпаратына сай, Қараманға қызыққандар қатарында “Тобыл” мен “”Ақтөбе” болған, алайда, футболшының өзі “Астананы” таңдапты.      

Клубтық мансабында «Жеңістен» басқа «Жетісу», «Тараз», «Ақсудың» намысын қорғады. Футболшы мен «Жеңістің» келісімшарты осы жылдың аяғына дейін жарамды. Нарықтық бағасы 400 мың еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×