Түркістандық команда құрамы Юрий Перцухпен толықпақ.
Соңғы рет Юрий Бірінші лига командасы саналатын “Шахтер” өнер көрсетті. Кеншілер жейдесінде ол 2025 жылдың қорытындысы бойынша 12 ойын өткізіп, 2 гол соқты.
29 жастағы Перцух ішкі чемпионаттағы тәжірибелі ойыншылар қатарына кіреді. Алматы футболының түлегі өз мансабында ЦСКА Алматы, “Бәйтерек”, “Қызылжар”, “Ақжайық”, “Астана”, “Атырау”, “Ақтөбе”, “Елімайдың” намысын қорғады.
Юрий елордалық “Астана” қатарында жүргенде, 3 мәрте Қазақстан чемпионы атанды. Еліміздің мандай алды командасында өткізген уақытта Перцух алғаш рет Қазақстан құрамасына шақыртылды.
Айта кетейік, “Тұран” командасы күні кеше сербиялық Лука Чермельмен келісімге келген болатын.