Қазақстан Кубогін ұтқан бапкер ҚПЛ-ге қайтуы мүмкін

31.10.2024, 09:30

Милич Чурчич Қазақстанға қайтып оралуы мүмкін.

Қазақстан Кубогін ұтқан бапкер ҚПЛ-ге қайтуы мүмкін
Милич Чурчич "Тобыл" ФК бас бапкері

«Тобылдан» кеткеннен кейін сербиялық маман жұмыссыз жүрген. Енді қазір ҚПЛ-дің бірнеше клубымен сөйлесіп жүр деген ақпарат бар. Келіссөздермен бапкердің бауыры, кезінде Қазақстанда доп тепкен Владица Чурчич айналысып жатыр. 

Айта кетейік, Милич Чурчичтің бас бапкерлігімен «Тобыл» былтыр Қазақстан Кубогін ұтып алған болатын. Сондай-ақ, осы қыста қостанайлықтар Суперкубок жолындағы жарыста да топ жарған. Ал біздің елімізге дейін Чурчич Сербия, Палестина, Иран, Беларусь және Ливан құрамасын жаттықтырды. Бұдан бөлек, сербиялық маман 2013-те «Атыраудың» бас бапкерінің ассистенті болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×