Қазақстан кубогының екінші финалисі белгілі

29.08.2025, 21:01

Астанада өткен Қазақстан Кубогының жартылай финалындағы жауапты ойында жергілікті «Жеңіс» пен қостанайлық «Тобыл» кездесті.

Қазақстан кубогының екінші финалисі белгілі

Нәтижесінде командалар 1:1 есебімен тең түсті.

65-минутта Исламбек Қуат алыстан соққы жасап, алаң иелерін алға шығарған еді. Алайда 87-минутта бұрыштама добынан кейін Егор Хвалько есепті теңестірді.

Алғашқы ойында «Тобыл» 2:1 есебімен жеңіске жеткендіктен, екі кездесудің қорытындысы бойынша (3:2) финалға жолдама алды.

Шешуші матчта қостанайлық клуб шымкенттік «Ордабасымен» кездеседі.

Айта кетейік, қос клуб 2023 жылдың финалында да жолығып, Ислам Чесноковтың жалғыз голының арқасында «Тобыл» чемпион атанған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×