27 ақпан күні жаңа маусымдағы Қазақстан Кубогы турниріне қатысушылары арасында жеребе тарту рәсімі өтеді.
Жаңа форматқа сәйкес, турнир 1/16 финалдан өз бастауын алады. Бір ерекшелігі оған әуесқой лигаларда топ жарған командаларға қатысуға мүмкіндік берілді.
Жеребе тарту рәсімін қазақ футболы жанкүйерлері Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай алады.
Айта кетейік, 2025 жылғы Кубок жеңімпазы “Тобыл” турнирді 1/8 финалдан жалғастырады. Еске салсақ, өткен жылдың қазан айында комбайншылар шымкенттік “Ордабасымен” финалда кездесіп, 0:2 есебімен басым түскен болатын. Қостанай командасы сапынан жеңісті голдарды Сигневич пен Чесноков өз аттарына жазды.