Қазақстан күмәнді матчтар саны бойынша көш басында

01.04.2026, 19:37

Әлемдік спорт аренасында келісілген ойындар мен күмәнді матчтардың көрсеткіші құбылып тұр, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қазақстан күмәнді матчтар саны бойынша көш басында

Ranking.kz сарапшыларының дерегінше, 2023 жылғы ең жоғары көрсеткіштен кейін Еуропа мен Оңтүстік Америкада жағдай тұрақталғанымен, Азия мен Африкада керісінше, күмәнді кездесулер жиілеп кеткен.

Sportradar халықаралық компаниясы ұсынған мәліметтерге сүйенсек, әлемдік спорт нарығындағы күмәнді матчтардың серпіні төмендегідей:

– 2023 жыл: Антирекордтық көрсеткіш — 1329 матч.

– 2024 жыл: Көрсеткіштің біршама бәсеңдеуі — 1128 матч.

– 2025 жыл: Төмендеу үрдісінің сақталуы — 1116 матч.

Бұл статистика әлемдік деңгейде келісілген ойындармен күрестің күшейгенін аңғартқанымен, мәселенің толық шешілмегенін көрсетеді.

Күмәнді ойындардың географиясы айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Еуропа мен Оңтүстік Америкада бақылаудың қатаңдауы нәтиже беріп, мұндай матчтар саны азайған. Алайда Азия, Африка және Солтүстік Америкада күмәнді кездесулердің өсуі байқалады. Қазақстан әлі де болса спорттық тазалық тұрғысынан жоғары қауіп аймағында қалып отыр.

Жалпы әлемдік көрсеткіштердің төмендеуі көңіл қуантқанымен, Азия аймағындағы, соның ішінде Қазақстандағы жағдай алаңдатарлық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×