“Қазақстан, Қырғызстан Еуропа деңгейінде емес” – Корей футболшысы шындықты жайып салды

10.04.2026, 20:23

“Минск” клубының қорғаушысы, Оңтүстік Кореялық Пак Чжи Хун өзінің мансабындағы күтпеген бұрылыс пен Беларусь еліне қалай келгені туралы сұхбат берді, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Қазақстан, Қырғызстан Еуропа деңгейінде емес” – Корей футболшысы шындықты жайып салды

Футболшы Орталық Азия мен Еуропа арасындағы жер мен көктей айырмашылықты баса айтты.

Пак Чжи Хунның Беларусь еліне келуіне Қазақстандық агенттің тікелей қатысы болған екен. Ол Қазақстандық маман арқылы Белоруссиялық менеджер Владимир Пахоменкомен танысып, бірден Минск қаласынан түскен ұсынысты қабылдаған.

“Маған Беларусьтен нұсқа ұсынылғанда, мен еш ойланбастан келістім де, Минскіге ұшып кеттім. Мұның бәрі Қазақстандық агенттің арқасында жүзеге асты.” — деді футболшы Onliner.by сайтына берген сұхбатында.

Бұған дейін Корея, Қырғызстан және Қазақстан ("Хан Тәңірі", "Жас Сұңқар”) клубтарында өнер көрсеткен Пак Чжи Хун жаңа ортаның өзіне қатты ұнағанын жасырмады. Оның айтуынша, Беларусьтегі өмір салты оған Еуропалық атмосфераны береді. 

“Корея, Қырғызстан немесе Қазақстан Еуропаға ұқсамайды, ал мұнда бәрі мүлдем бөлек. Адамдар, мейрамханалар мен ауа райы нағыз Батыстың үлгісінде.” — дейді ол.

Футболшы қаланың тап-таза көшелеріне тәнті болған. Әсіресе Немига ауданындағы дәмханалар Пактың сүйікті орнына айналған көрінеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×