Ел командасы Венгриямен маусым айында кездесу өткізбек.
Мажарстанның футбол федерациясы келісіміне сәйкес, құрамалардың жолдастық ойыны 9 маусым күні киелі Түркістан жерінде өтеді. Айта кетейік, мадьярлар ФИФА-ның әлемдік рейтингінде 41 орында келеді. Бұл жолдастық матч екі елдің футбол федерациясының ынтымақтастығын нығайту үшін ұйымдастырғалы отыр.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мен Венгрия өз арасында екі рет кездесіп, бірінде біздің жігіттер жеңіске жетсе, бірінде үш түстілердің асығы алшысынан түсті.
Қазірде Федерация жолдастық ойыннан бөлек, қазан айында болатын Ұлттар Лигасында Словакия, Молдова және Фарер Аралдарына қарсы матчтарына қатысады.