Танымал бапкер Болат Есмағамбетов Қазақстан – Лихтенштейн кездесуі жайлы пікірін айтып, болжамын берді.
ӘЧ іріктеуі аясындағы матч бүгін 19:00-де басталады.
«Бүгінгі ойынды Қазақстан ұтуы керек. Лихтенштейн - Еуропадағы ең осал команданың бірі, анық аутсайдер. Сырт алаңда жеңдік, енді өз алаңымызда әрине сөзсіз ұтуымыз керек деп есептеймін. Үш ұпай еншілеуге мол мүмкіндік бар. Оның үстіне біздің команда тарапынан қарсыласты менсенбеушілік болмайтын секілді. Турнирлік мақсаты болмаса да бүгінгі матч Солтүстік Македонияның алдындағы дайындық тұрғысынан маңызды. Бүгін Лихтенштейнмен ойында Бельгияның қарсаңында біраз дүниені пысықтап алуға жақсы мүмкіндік бар», - деді Б. Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбтаында.
Қазақстан ӘЧ-2026 іріктеуінде J тобында 3 ұпаймен соңғы орындардың біріне жайғасқан. Талғат Байсуфинов жаттықтыратын ұлттық команда қазанның 13-де Солтүстік Македонияға қарсы тұрады.