Қазақстан Лихтенштейн мен Солтүстік Македонияны ұтса Байсуфинов толыққанды бас бапкер болуы мүмкін бе? Сарапшылар мүлде басқа ойда

08.10.2025, 12:45

«Аладоп.кз» белгілі бапкер Болат Есмағамбетовпен хабарласып, Қазақстан құрамасына кандидаттар жайлы пікірін білген.

Қазақстан Лихтенштейн мен Солтүстік Македонияны ұтса Байсуфинов толыққанды бас бапкер болуы мүмкін бе? Сарапшылар мүлде басқа ойда
Талғат Байсуфинов

Сондай-ақ, отандық маман Талғат Байсуфиновтың құрама тізгініндегі болашағы жайлы ойын да ортаға салған болатын.

«Бұл енді түсінікті жайт, Талғат Байсуфинов уақытша отыр. Қазақстан футбол федерациясымен өзара келісімі бар секілді, «сен уақытша бола тұр, арғы жағын көреміз» дегендей бір мәмілеге келген ұқсайды. Ал өздері ақырындап шетелден маман іздеуде. Польшалық маман туралы жабыла жазып жатыр. Бірақ, мұнда әлі ешқандай нақтылық жоқ. Ол ма, басқа ма, әлі де белгісіз... Осыған дейін Пробежден бөлек, Массимо Каррераның есімі аталған. Ал түптің-түбінде мүлде басқа кандидат келуі мүмкін. Бірақ, шетелдік бапкер келетіні анық. Тағы да бір анығы – Байсуфинов алдағы екі ойынды ұтып жіберсе де, бас бапкер болып қалмайды. Оның «Ұлытауда» жұмысы бар, соны тастай қоймайтын шығар», - деді Б. Есмағамбетов.   

Лихтенштейн мен Солтүстік Македонияға қарсы кездесуде Қазақстанды Талғат Байсуфинов бастап шықпақ. Қазақстандық маман ұлттық құраманың бас бапкері міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалғанын білесіздер. Ал тізгінді ұстауы мүмкін мамандар арасында польшалық Михал Пробеж бар.     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×