Қазақстан Лихтенштейнді ұта алмаса не болады? Бас бапкер орнынан кете ме?

24.03.2025, 22:38

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Евгений Аверченко Sports.kz порталына көлемді сұқбат берді.

Қазақстан Лихтенштейнді ұта алмаса не болады? Бас бапкер орнынан кете ме?
Уэльс - Қазақстан кездесуі

Ардагер әңгімебарысында Әли Әлиевтің ұлттық команда тізгініндегі болашағы жайлы да сөз етті. 

- Қазақстан құрамасы Лихтенштейннен басым түсе алмаған жағдайда, Әли Әлиевтің бас бапкерлікте қалуы туралы не айтуға болады? 

- Мұнда көп дүние Қазақстанның ойынына байланысты болады. Ұлттық команда ол ойында шабуылда жақсы қимылдап, гол салатын мүмкіндіктерін пайдаланады деп үміттенемін. Бірақ бұл футбол, мұнда барлығы да мүмкін. Ұтылып қалуың ықтимал, тең түсіп дегендей. Меніңше, қазір бапкер ауыстырудың қажеттілігі жоқ. Басқа жаттықтырушыны шақырғанымызбен, жағдай түбегейлі өзгереді деп ойламаймын. Бұл жерде себеп-салдарын тереңнен іздеу қажет. Балалар мен жасөспірімдер футболын дамытудан бастаған жөн».

Айта кетейік, ұлттық команда ӘЧ-2026 іріктеу аясында Кардиффте Уэльспен кездесіп, 1:3-пен есе жіберді. Қазақстан сапындағы жалғыз голды капитан Асхат Тағыберген пенальтиден салған болатын. Енді Әли Ханәліұлының командасы 25-наурызда Лихтенштейн құрамасымен шеберлік байқасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×