Қазақстан өз тарихындағы 74 құрамамен қарсылас атанып отыр

06.09.2024, 11:36

Бүгін, Станислав Черчесов баптайтын Қазақстан құрамасы Норвегиямен Ұлттар Лигасының жаңа маусымын бастайды.

Қазақстан өз тарихындағы 74 құрамамен қарсылас атанып отыр

Құрамамыз осы уақытқа дейін бас-аяғы 73 командамен бақ сынасқан. Бұның ішінде Азия, Еуропа және тіпті Африка құрлықтарының командалары бар. Мәселен, 2015 жылы Алматыда ол кезде Самат Смақовтар болған уақытта біздің жігіттер Буркина-Фасомен 0:0 есебімен тең тарқасқан. 

Ел құрамасы Әзербайжанмен жиі кездесетінің айта кету керек. Өз тарихында Қазақстан миллилермен 11 матч өткізіп, соның 5 жеңіп, 3 тең ойнап, қалған 3 жеңілген. Одан кейін тізімде біздің жігіттер Латвия, Беларусь және Армения командаларымен кім мықтыны анықтаған 

Қазақстан мен Норвегия арасындағы бүгінгі ойын 19:00-де басталады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×