
Бүгін яғни 30-наурыз Қазақстан Премьер лигасының 3-турдың соңғы ойындары өтеді. Назарларыңызға ойындар қарсаңында қысқаша шолу ұсынамыз.
«Атырау» (Атырау) – «Ақтөбе» (Ақтөбе)
Батыс Қазақстанның қос командасы арасындағы бұл кездесу жанкүйерлердің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз.
Екі команда арасындағы соңғы 10 ойында 21 гол соғылып, Ақтөбе 5 мәрте жеңісге жетіп, қалған барлық ойындарда тең нәтиже тіркеліп Атыраулықтар “Қызыл-Ақ”-тарды жеңе алмай келеді.
«Ұлытау» (Жезқазған) – «Жеңіс» (Астана)
Премьер лиганың су жаңа қатысушысы, дебютантын «Ұлытау» өз алаңында астаналық «Жеңісті» қабылдайды. Өткен маусымда «Ұлытау» Бірінші лигада күміс жүлдеге ие болып, жоғары дивизионға жолдама алған еді.
61 жылдық тарихы бар «Жеңіс» тәжірибелі команда ретінде танымал, алайда соңғы маусымдарда тұрақсыз нәтижелер көрсетіп келеді. Бұл кездесуде «Ұлытау» өз жанкүйерлерінің алдында жақсы ойын көрсетіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізуге тырысса, «Жеңіс» сырт алаңда ұпай алуды көздейді.
«Астана» (Астана) – «Жетісу» (Талдықорған)
Алғашында бұл матч 29 наурызда өтуі тиіс еді, алайда ұйымдастырушылық себептерге байланысты 30 наурызға ауыстырылды.
«Астана» ел футболының көшбасшыларының бірі және бұл маусымда да жоғары нәтижелерге ұмтылуда. Ал «Жетісу» жас ойыншыларымен күшейіп, ортаңғы қатарда өз орнын сақтауға талпынуда. Бұл кездесуде «Астана» фаворит саналғанымен, «Жетісу» тосынсый жасауға қабілетті.
Бұл екі команданың 41-ші кездесуі болмақ. Өткен кездесулерде елордалық Астана 23 рет ал Талдықорғандықтар 8 рет жеңісге жетіп, 8 рет ойын тең аяқталған.
«Ордабасы» (Шымкент) – «Қызылжар» (Петропавл)
Шымкенттік «Ордабасы» 2023 жылы өз тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанып, үлкен жетістікке қол жеткізсе де өткен маусымда чемпиондық атағын Қайратға беріп қойған. Ал «Қызылжар» тұрақты ойын үлгісін көрсетіп, әрқашан мықты қарсылас болып келеді. Макелеледен бас тартқан Шым қалалықтар үйлерінде Қызылжарды ұтуға тырысып бағары сөзсіз.
«Тобыл» (Қостанай) – «Елімай» (Семей)
«Тобыл» мен «Елімай» арасындағы кездесу қызықты болары сөзсіз.
Турнирлік кестеде Тобыл үздік үштікді түйіндеп тұрса Елімай 6-шы орында келеді.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET