Срджан Благоевич "Партизан" клубындағы жұмысын тәмамдады.
Осы жылдың басында 52 жастағы маман сербиялық Партизанды тізгінге алған болатын. Благоевичтің баптауымен қара-ақ жейделілер 39 матч өткізіп, соның 23 жеңіп, 7 тең ойнап, қалған 9 жеңілді.
Бапкерді қызметінен босату спорттық директор Предраг Миятовичтің идеясы болды. Алайда “Партизан” жанкүйерлері басшының бұл қадамына таңдана қарауда. Срджан бар кезде команда жақсы нәтиже көрсетіп жүрді. Бірақ табан астында оны қызметінен қуып жіберу фанаттар арасында түсініспеушілік тудырды.
Айтпақшы, Благоевичтің орнына бапкерлік қызметті уақытша оның көмекшілері Марко Йованович атқаратын болады.
Еске салсақ, 2021/22 жылғы маусымда “Астана” командасы дәл осы сербиялық маманның жаттықтыруымен ел чемпионатында үздік атанған болатын. Қазақстандық клубтағы сәтті қызметінен кейін Благоевич венгриялық “Дебренценмен” келісімге келді.