Қазақстан Ресейдің еурододаға қайтып оралғанын қолдайды

Осы аптада Брюссель қаласында УЕФА-ның 50 Конгресс жиналысы өтті. 

Қазақстан Ресейдің еурододаға қайтып оралғанын қолдайды

Жиналыста бірқатар мәселелер қозғалды. Және ең бастысы Ресейдің еурододаға оралуы жайында дауыс беру процессі өтті. Біздің елден қатысқан арнайы делегация көршілес мемлекеттің халықаралық аренада ойнауына рұқсат берілу керектігін қолдады. 

Бізден бөлек, бұл жиында Ресейді Болгария, Сербия, Босния және Герцеговина, Грекия және Венгрия елдері қолдады. Ал Норвегия, Финляндия, Швеция, Португалия, Испания, Италия, Швейцария, Словакия, Словения, Чехия, Хорватия әзірге ойлану барысында.

Айта кетейік, Ресей елі 2022 жылдан бері ФИФА мен УЕФА ұйымдастырып келген барлық турнирлерден шет қалды. Бұған көршілес мемлекеттің Украинаға соғыс ашуы сеп болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
×