Қазақстан ресим ойындарда өз алаңында 2 жылдан бері гол сала алмай келеді! Лихтенштейн жақсы мүмкіндік пе? Сарапшылар болжамы

08.10.2025, 10:43

Ресейлік «Soccer365.ru» порталы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінің аясында болатын Қазақстан – Лихтенштейн кездесуіне тоқталып, болжамын берді.

Қазақстан ресим ойындарда өз алаңында 2 жылдан бері гол сала алмай келеді! Лихтенштейн жақсы мүмкіндік пе? Сарапшылар болжамы
Лихтенштейн құрамасы

Ұлттық құрама 10-қазанда маңызды матчты өткізеді. Ал 13-қазанда сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы тұрады.

«Қазақстан құрамасы соңғы өткізген ресми 13 матчтың 11-де жеңіліс тапты. Ол ойындарда команданы төрт түрлі бапкер жаттықтырған, ал Лихтенштейнге қарсы құраманы екі жыл ішіндегі бесінші маман дайындамақ. Еуропаның ең әлсіз командасымен болатын бәсеке 2023-жылдан бері өз алаңында гол сала алмай жүрген Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік. Себебі, «кішкентай» құрамаларды Қазақстан әдетте ұтып жүр әрі көп жағдайда 2-3-тен гол салатыны бар. Лихтенштейнде тіпті бір гол соғатын мүмкіндік аз, өйткені, Еуропаның ең осал командасы бір жыл бойы ресми кездесулерде ұпай еншілей алмай отырғанымен қоса соңғы алты матчта қарсыластар қақпасынан саңылау таба алмай келеді. Шабуылдан көрі қонақтар қорғаныс шебіндегі олқылықтарды жоюға көңіл бөлмекші, себебі, негізгі құрамның үш футболшысы жарақатына байланысты алаңға шыға алмайды. Сондықтан, Қазақстан Лихтенштейнді наурызда болған сырт алаңдағы бәсекеден де  сенімді ұтуы тиіс (бірінші бәсекеде 2:0 ұтқан). Болжам: 3:0», - делінген портал жазбасында.

Лихтенштейн мен Солтүстік Македонияға қарсы кездесуде Қазақстанды Талғат Байсуфинов бастап шықпақ. Қазақстандық маман ұлттық құраманың бас бапкері міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Ал тізгінді польшалық Михал Пробеж ұстайтын ұқсайды.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×