Қазақстан төрешілері Еуро-2027 іріктеу кезеңінің матчында қызмет атқарады

13.10.2025, 16:09

UEFA отандық төрешілерге маңызды ойынды сеніп тапсырды.

Қазақстан төрешілері Еуро-2027 іріктеу кезеңінің матчында қызмет атқарады

Қазақстандық төрешілер бригадасы жастар арасындағы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Әзірбайжан мен Шотландия құрамалары арасындағы ойынға тағайындалды.

Кездесудің бас төрешісі - Саят Қарабаев. Оған отандастары Юрий Тихонюк пен Евгений Бельский көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Сәкен Байымбет атқарады.

Матч 14 қазан күні Баку қаласындағы «Liv Bona Dea Арена» стадионында өтеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×