Қазақстан U-17 құрамасы Грузияны ірі есеппен жеңді

19.03.2025, 17:44

Алматыда өтіп жатқан Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан U-17 командасы Грузиямен шеберлік байқасып, ірі есеппен жеңді – 3:1.

Қазақстан U-17 құрамасы Грузияны ірі есеппен жеңді
Қазақстан U-17 құрамасының футболшылары

Голдардың авторлары – Дәулет Орынбасар (дубль) және Исмаил Бекболат. Қазақстан құрамасының тобында Грузиядан бөлек Литва да бар. Енді ұлттық құраманың келесі матчы 25-наурызда өтпек. Қазақстан U-17 сағат 12:00-де Тимур Сегізбаев атындағы «Қайрат» академиясында Литвамен шеберлік байқасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×