Қазақстан U19 құрамасы Slovenia Nations Cup-2025 турнирінде кезекті жеңісіне жетті

06.09.2025, 21:50

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Словенияда өтіп жатқан Slovenia Nations Cup-2025 турнирінде екінші рет жеңіс тойын тойлады. Кирилл Кеккер жаттықтыратын жас футболшылар бұл жолы Шотландия құрамасын 2:1 есебімен ұтып, маңызды үш ұпайға қол жеткізді.

Қазақстан U19 құрамасы Slovenia Nations Cup-2025 турнирінде кезекті жеңісіне жетті

Турнирдің алғашқы ойынында Қазақстан U19 құрамасы БАӘ жастарынан айқын басым түсіп, қарсылас қақпасына жауапсыз төрт гол соққан еді (4:0). Енді Шотландияға қарсы да сенімді ойын көрсетіп, шешуші сәттерді тиімді пайдаланған біздің жігіттер жарыстың басты фавориттерінің біріне айналды.

Енді Қазақстандықтарды 9 қыркүйек күні сағат 20:00-де Исландияға қарсы алаңға шығады. Бұл матч турнирдегі шешуші ойындардың бірі болмақ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×